Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты кеңейту туралы кеңесті
(last modified Sun, 05 Mar 2023 14:00:11 GMT )
Нау 05, 2023 20:00 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері  әскери ынтымақтастықты кеңейту туралы кеңесті

Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты кеңейту мақсатында кездесіп, кеңесті.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Мұхаммедреза Қараи Аштиани Сирияның Қорғаныс министрі Әли Махмұд Аббаспен кездесіп, сұхбаттасты.

Бригада генералы Аштиани: "Басқыншы әскерилердің Сирия жерінде заңсыз  болуы тұрақсыздық тудырып, жағдайды бүлдіреді. Бұл режим тек зорлық пен күш тілін түсінеді",-деді.

Иранның Қорғаныс министрі Сирияның қарсыласу қозғалысы өзегіндегі рөлі мен маңыздылығына тоқталып, осы елдің ұлттық қуаты мен қорғанысын нығайту керегін баса айтты.  

Бригада генералы Аштиани сионистік режимнің Сирияның аумақтық тұтастығын бұзып жатқанына тоқталып: "Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігіне қандай да бір қол сұғуды айыптаймыз. Бұл жалған режим тек зорлық пен күш тілін түсінеді. Оған бұдан ары өрекпуге жол бермеуіміз керек",-деп баса айтты.

Сирияның Қорғаныс министрі осы кездесуде Теһранға сапар шегіп, Иран басшыларымен кездескеніне қуаныш білдіріп: "Бұл кездесу мен сұхбат – лаңкестікке қарсы күресте және аймақтық қауіпсіздікті сақтауда ирандық бауырлардың көрсеткен көмегі мен әріптестігінің шыңы",-деді.

Тегтер