Хамас: Сионистік режимнің қылмысы палестиналықтарды жасыта алмайды
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) сейсенбі күні кешке сионистердің қылмыстарына реакциясында: "Израиль әскерінің қылмыстары мен қырып-жоюлары Палестина халқын ешқашан жасытпайды",-деді.
Сионистік режимнің әскерилері сейсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин қаласына шабуыл жасап, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы күштерінің қарсылығына ұшырады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: "Бұл қақтығыстарда сионистердің оғынан 6 палестиналық қаза тауып, ондаған адам жараланды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хамас әрбір палестиналықты сионист басқыншылардың қылмыстарына жауап ретінде Дженин шәһидтерінің қанына кек алып, Палестинаны азат ету және палестиналық босқындардың Отанына қайтуының жалғыз жолы ретінде қарсыласуға берік болуға шақырды.
Хамас Палестина халқынан осы елдің кез келген жерінде сионист әскерилер мен қалашық тұрғындарын нысанаға алуға шақыруды жалғастыруды сұрады.