Басып алынған Палестинада Нетаньяхуға қарсы жаппай шерулер 11-ші апта қатарынан жалғасуда
(last modified Sun, 19 Mar 2023 11:26:35 GMT )
Нау 19, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • Басып алынған Палестинада Нетаньяхуға қарсы жаппай шерулер  11-ші апта қатарынан жалғасуда

Министрлер кабинетінің саясаттары мен сионистік режим премьер-министрінің сот реформасы жоспарына қарсы наразылық білдірушілер басып алынған Палестинада 11-ші апта қатарынан шеру өткізді.

 

Басып алынған Палестинада (Израильде) Нетаньяхудың министрлер кабинетінің сот реформалары жоспарына қарсы шерулер сенбі күні кешке басталды. Jerusalem Post газеті наразылықтарға байланысты Тель-Авивте бірнеше көшенің жабылғанын хабарлады. Бұған дейін Нетаньяхуға қарсы бұрын-соңды болмаған наразылықтар басталғаннан бері сионистік режимнің жүздеген резервшісі бұдан былай армияда қалғысы келмейтіндерін жариялаған болатын.

Наразылықтардың үшінші айға аяқ басқанына қарамастан, Кнессет (сионистік режим парламенті)  13 наурызда бірнеше сағаттық пікірталастардан кейін өзінің бірінші оқылымында премьер-министр Беньямин Нетаньяху ұсынған сот реформасы туралы заң жобасын қабылдады. Сот реформасы туралы заң жобасын түпкілікті бекіту және жүзеге асыру үшін Кнессетте тағы екі оқылым қажет.