Сауд Арабиясының Королі Раисиді эр-Риядқа шақырды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68436-Сауд_Арабиясының_Королі_Раисиді_эр_Риядқа_шақырды
Иран президенті аппаратының саяси орынбасары Мұхаммад Джамшиди Сауд Арабиясының Королі Ибрахим Раисиді эр-Риядқа келуге шақырғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 20, 2023 17:55 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Королі Раисиді эр-Риядқа шақырды

Иран президенті аппаратының саяси орынбасары Мұхаммад Джамшиди Сауд Арабиясының Королі Ибрахим Раисиді эр-Риядқа келуге шақырғанын хабарлады.

11 наурызда Иран мен Сауд Арабиясы 7 жылдан кейін қарым-қатынасты қалпына келтіруге келісті және  алдағы екі айда екі елдің елшіліктерін қайта ашу туралы шешім қабылданды.

Иран президенті аппаратының саяси жөніндегі орынбасары Мұхаммад Джамшиди твитінде: «Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдулазиз Раисиге жолдаған хатында екі бауырлас ел арасындағы келісімді құптай отырып, Иран Президенті Ибрахим Раисиді эр-Риядқа ресми сапармен шақырып, экономикалық және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуды талап етті»,- деп жазды. Джамшиди: «Бұл шақыруды құптай отырып, Иран Президенті елдің Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін баса айтты»,- деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан жақын арада Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Абдулрахманмен кездесетінін хабарлады.