Нау 26, 2023 18:35 Asia/Almaty
  • Сириядағы АҚШ әскерлеріне қарсы әскери операциялардың жаңа кезеңі

АҚШ-тың Сириядағы әскери позициялары зымырандық шабуылға ұшырады және Америка бұл операцияға жауап берді.

Бейсенбі күні Сирияның солтүстік-шығысындағы америкалық әскери позициялар зымырандық шабуылдарға ұшырады. Бұл шабуылда америкалық мердігер қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланды. АҚШ Орталық қолбасшылығының штаб-пәтері бірнеше адамның өліміне  және  жаралы болуына әкелген бұл шабуылға жауап ретінде Сириядағы кейбір нысанаға шабуыл жасағанын жариялады. Америкалық әскерилер мен Сириядағы әскери топтардың арасындағы қақтығыстың жаңа раундына бірнеше факторлар себеп болған сияқты. Біріншіден, Сирияның солтүстік-шығысындағы американдық позицияларға жасалған шабуыл негізінен Вашингтонның Құдстың басқыншы режиміне Сирияға қарсы бірнеше рет шабуыл жасауға жол ашуына байланысты сияқты. Сионистік режим соңғы екі айда Сирияның әртүрлі аймақтарын, соның ішінде Алеппо әуежайын зымырандық шабуылдармен нысанаға алып, бірнеше адам шәһид болды және жарақат алды. Екіншіден, Сирияда орналасқан америкалық сарбаздар бұл елдің әртүрлі аймақтарында орналасқан басқа элементтерге көмек көрсетумен бірге ДАИШ  мүшелерін қашырып, оларды Сирия түрмелерінен Иракқа көшіру үшін бар күш-жігерін жұмсады. Басқаша айтқанда, АҚШ әскерінің ДАИШ элементтерімен ынтымақтастығы Сирияда орналасқан топтар мен америкалық әскерилер арасындағы әскери қақтығыстың себебі болды. Үшіншіден, Америка әскері Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысында орналасқан қарулы топтар мен лаңкестік топтарға елдің энергетикалық ресурстарын тонауға көмектесуде. Осы уақытқа дейін Сирия үкіметі осыған байланысты талай рет наразылық білдіріп, оны егемендігін бұзу деп атады және Сирия халқы америкалық әскерилермен қақтығысып жатып, сан рет оларды Сириядан шығаруды талап етті. Төртіншіден, АҚШ Иран мен араб елдері арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру және кеңейту туралы жақында жасалған келісімді жақтырмайды, әсіресе Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы Қытайдың арағайындығымен жасалған келісім Вашингтонның мүдделеріне сәйкес келмейді. Сондықтан ол Иранның араб елдерімен қарым-қатынасының кеңею үдерісінің жалғасуына жол бермеу үшін аймақта Иранға қарсы жаңа сценарий құрастыруға тырысатын сияқты.

Тегтер