Сирия сионистік режимнің Дамасктің оңтүстігіне жасаған шабуылдарының бетін қайтарды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68670-Сирия_сионистік_режимнің_Дамасктің_оңтүстігіне_жасаған_шабуылдарының_бетін_қайтарды
Сирияның ресми ақпарат көздері бейсенбі күні таңертең: "Сирия армиясының әуе-қорғаныс кешендері сионистік режимнің Дамасктің оңтүстігіне жасаған шабуылдарының бетін қайтарды",-деп хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 30, 2023 19:58 Asia/Almaty
  • Сирия сионистік режимнің Дамасктің оңтүстігіне жасаған шабуылдарының бетін қайтарды

Сирияның ресми ақпарат көздері бейсенбі күні таңертең: "Сирия армиясының әуе-қорғаныс кешендері сионистік режимнің Дамасктің оңтүстігіне жасаған шабуылдарының бетін қайтарды",-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирияның бір әскери тұлғасы осы туралы: "Бейсенбі күні таңғы сағат 01:20 кезінде Израиль басып алынған Голан жоталары тарапынан Дамасктың оңтүстігіндегі кейбір орталықтарға бірнеше зымыранмен шабуыл жасады. Сирия армиясының әуе-қорғаныс кешендері зымырандарға төтеп беріп, көбін жойып жіберді",-деді.

Сирияның бір әскери тұлғасы: "Осы шабуыл салдарынан 2 сириялық әскери жараланып, инфрақұрылымға материалдық зиян тиді",-деді.