Сәу 07, 2023 17:36 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Ливанның оңтүстігін бомбалады

Сионистік режим қырғи ұшақтары Ливанның Тир қаласын нысанаға алды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Әл-Джазира» желісінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің қырғи ұшақтары осы жұма күні таңертең Ливанның Тир қаласының маңындағы әл-Рашидия лагерінің айналасын нысанаға алды. Бұл лагерь палестиналық босқындарға тиесілі. Ақпарат көздері бұл шабуылда Ливанның оңтүстік аймақтарына кемінде 6 зымыран атылғанын хабарлады.

Осыған байланысты сионистік армия мәлімдеме жасап, Ливанның оңтүстігіндегі ХАМАС қозғалысына тиесілі кейбір инфрақұрылымдарды жойып, Ливанның оңтүстігінен жасалған шабуылдарға Ливан үкіметін жауапты деп жариялады.

Бұқаралық ақпарат құралдары бейсенбі күні басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі сионистік елді мекендерге Ливан жерінен зымырандардың жауған жауын-шашыны туралы хабарлаған болатын.

Палестиналық қарсыласу топтары бейсенбі күні кешке басып алынған жерлерге 100 «Град» және «Катюша» зымырандарымен атқылаған.  Кейбір БАҚ осы уақытқа дейін басып алынған Палестинаға зымырандық шабуылдардан 3 сионистің жараланғанын хабарлады.

Тегтер