Әл-Ақса мешітінде сионистік басқыншылар мен намаз оқушы адамдар арасындағы қақтығыс
(last modified Fri, 07 Apr 2023 11:45:52 GMT )
Сәу 07, 2023 17:45 Asia/Almaty

Басқыншы сионистік күштер бүгін (жұма) таңертең Баб әл-Мағраба бағытынан әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады және осы шабуылдан кейін олар мен әл-Ақса мешітінде  намаз оқушы және ораза тұтушы адамдар арасында қақтығыстар болды.

Басқыншы күштердің шабуылы туралы жарияланған видеода басқыншы күштердің басып алынған көне Құдс аймағының жастарына аяусыз шабуыл жасап, оларды ұрып-соққаны көрінеді. Сионистік басқыншы күштер басып алынған көне Құдс аймағындағы Баб Хата маңындағы намазға қатысушыларға  шабуыл жасап, қасиетті Рамазан айының үшінші жұмасында таң намазы үшін әл-Ақса мешітіне кіруіне кедергі жасауға тырысты.