Иранның техникалық делегациясы Сауд Арабиясына барды
(last modified Wed, 12 Apr 2023 11:35:37 GMT )
Сәу 12, 2023 17:35 Asia/Almaty
  • Иранның техникалық делегациясы Сауд Арабиясына барды

Al-Mayadeen телеарнасы Иранның техникалық делегациясының Сауд Арабиясына барғанын хабарлады.

Иран мен Сауд Арабиясы Қытайдың араағайындығы арқасында 8 жылдық үзілістен кейін өзара дипломатиялық қатынасты қайта жандандыруға келісті.  

Осы келісім бойынша Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан өткен бейсенбі күні Бейжіңде Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен кездесіп, сұхбаттасты.

Бүгін, сәрсенбі ақпарат құралдары Иранның техникалық делегациясының Эр-Риядта Иранның елшілігін, Джиддада бас консулдығын және Ислам ынтымақтастық ұйымында өкілдігін ашуға қажетті жағдай жасау үшін Сауд Арабиясына барғанын хабарлады.

Тегтер