Нетаньяху Рамазан айының аяғына дейін яһудилерге әл-Ақса мешітіне кіруге тыйым салды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68978
Израиль Премьер-министрі: "Сионистік режимнің қауіпсіздік басшыларының кеңесіне сәйкес Рамазан айының аяғына дейін яһудилерге әл-Ақса мешітіне кіруге болмайды",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 12, 2023 20:46 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Рамазан айының аяғына дейін яһудилерге әл-Ақса мешітіне кіруге тыйым салды

Израиль Премьер-министрі: "Сионистік режимнің қауіпсіздік басшыларының кеңесіне сәйкес Рамазан айының аяғына дейін яһудилерге әл-Ақса мешітіне кіруге болмайды",-деп мәлімдеді.

Израиль күштері  әл-Ақса мешітінде намазхандарға шабуыл жасағаннан кейін палестиналықтар сионистік режимге қысым жасап, Беньямин Нетаньяхуды әл-Ақса мешітіне қатысты шешімінен кері шегініп, Рамазан айының аяғына дейін яһудилерге мешітке кіруге тыйым салуға мәжбүрледі.  

Нетаньяху полиция күштеріне сәрсенбі күннен  Рамазан айының аяғына дейін сионистік қалашық тұрғындарын әл-Ақса мешітіне кіргізбеуге бұйрық берді.

Бұған дейін сионистік қалашық тұрғындары Рамазан айының соңғы 10 күнінде әл-Ақса мешітіне басып кіруге құқылы деп жарияланған болатын.

Израильдің Ішкі істер министрі Итамар Бен-Гвир Нетаньяхулың бұл шешіміне реакция білдіріп, оны "айқын қателік" деп атады.

Кейінгі бірнеше күнде Израиль күштері мен сионистік қалашық тұрғындары әл-Ақса мешітіндегі намазхандарға шабуыл жасағаннан кейін тараптар арасында қатты қақтығыс болды. Сол себепті Газа секторы, Ливан мен Сириядан басып алынған жерлерге зымырандық шабуыл жасалды. Израиль де қарымта жауап берді.