Кувейтте бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңі басталды
(last modified Fri, 06 May 2016 02:01:49 GMT )
Maм 06, 2016 08:01 Asia/Almaty
  • Кувейтте бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңі басталды

Кувейтте БҰҰ-ның бақылауымен йемендік топтар қатысып отырған бейбіт келіссөздер басталды.

БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валид Шейх Ахмад: «Бірнеше күнге тоқтатылған Йеменнің бейбіт келіссөздері сәрсенбі күні Кувейтте БҰҰ-ның арағайындығымен Эр-Рияд пен Сана өкілдерінің қатысуымен басталды.

Йемендік топтардың Кувейттегі бейбіт келіссөздері Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд Раббе Мансур Хадидің өкілдерінен құрылған Эр-Рияд делегациясының кесірлігінен өткен сенбіде тоқтатылған болатын. Эр-Рияд делегациясы Сауд Арабиясы басқарған араб коалициясының әскери ұшақтары Йеменнің әртүрлі аймақтарында бұл елдің қорғансыз адамдарына шабуылдарын жалғастырған жағдайда келіссөздерден кейін шегінді. Осы кезде Ансаролла халықтық тобының Конгресс партиясының өкілдерінен құралған Йеменнің ұлттық делегациясы Кувейт келіссөздерінің жаңа кезеңінде БҰҰ-ның арнайы өкіліне саудиялық әскери ұшақтардың Йеменнің әртүрлі аймақтарына қарсы шабуылдарын жалғастыруына наразылығын жариялады. Йемен істері жөніндегі БҰҰ-ның арнайы өкілі Исмаил Валид Шейх Ахмадтың айтуынша, Йеменнің бейбіт келіссөздерінің жаңа кезеңінде атыс тоқтату комитетінің майданның жағдайын зерттеу, атыс тоқтатуды жалғастыру және соғысты аяқтау сынды мәселелерге шоғырлануы туралы келісім орын алды. Сәрсенбі күні екі жақ кейбір аймақтарда атыс тоқтатудың бұзылуы мен елдің оңтүстігіндегі шабуылдар туралы пікір алмасты.

Йемендік топтардың Кувейттегі келіссөздері Эр-Риядтың кесірінен және Ансаролла күштері шабуылды жалғастыруда деген сылтаумен өткен сенбі күні тоқтатылған болатын. Йеменнің бебйіт келіссөздері бұл елдегі соғысты тоқтату мақсатында 21-ші сәуірде Кувейтте БҰҰ-ның бақылауымен басталған болатын. Бірақ Эр-Риядтың қастығымен осы уақытқа дейін нәтижеге жетпеді. Бұдан бұрын Женевада желтоқсан айында да келіссөздер нәтижесіз аяқталған болатын.

Сауд Арабиясы аймақтың кейбір араб мемлекеттері және АҚШ-пен бірге өткен жылдың 26-шы наурызында Йеменге қарсы кең ауқымды шабуылдарын бастап, Абд Раббе Мансур Хадиді билік басына қайтарғысы келді. Бұл шабуылдарда осы кезге дейін мыңдаған йемендік, соның ішінде жүздеген әйел мен бала қаза болып, жарақат алды, сондай-ақ, ондаған мың адам босқынға айналып, елдің инфрақұрылымына шынайы шығын келтірілді.

Сауд Арабиясы Йемендегі соғысты бірнеше аптада жеңіспен аяқтаймыз деп ойлады. Бірақ Йемен соғысы бір жылдан артық уақыттан кейін тек халықтың тұрғын үйлері мен оларға қызмет көрсететін мекендерді қиратып, мыңдаған адамын қаза етіп немесе жараландырып, сондай-ақ босқындар санын көбейткеннен басқа нәтижеге жетпеді. Сол себепті сарапшылар Сауд Арабиясы үшін бұл соғыстың ешбір нәтиже әкелмейтінін қуаттап, енді Эр-Рияд Ансаролламен келіссөздер өткізуге қатысты өзінің бұрынғы ұстанымдарынан тартынып, Кувейт келіссөздеріне арнайы өкілін жіберіп, өзін Йеменнің батпағынан құтқаруға талпыныс жасайды деп санайды.