Велаяти Ливан Хезболласының Бас хатшысымен кездесті
(last modified Fri, 06 May 2016 10:18:00 GMT )
Maм 06, 2016 16:18 Asia/Almaty
  • Велаяти Ливан Хезболласының Бас хатшысымен кездесті

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы мен Ливан Хезболласының Бас хатшысы аймақта орын алып жатқан саяси өзгерістерді талқылады.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти мен Ливан Хезболласының Бас хатшысы сейіт Хасан Насролла бейсенбі күні Бейрутте ИИР-ның Ливандағы елшісі Мұхаммад Фатхалидің қатысуымен Ливанның саяси жағдайы жайлы сұхбаттасты.

Велаяти Қарсыласу ғұламалары әлемдік одағының отырысы, Ахл-е Бейт дүниежүзілік қауымдастығы Жоғары кеңесінің отырысы сияқты халықаралық отырыстарға қатысу үшін Ливанға барды.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі бейсенбі күні Ливанның астанасы Бейрутте Қарсыласу ғұламаларының әлемдік одағының консультативтік отырысында сөйлеген сөзінде: «Лаңкестерді демеушілер дұшпандардың іріткі салуынан аман қалмайды. Бұл іріткілердің оты олардың өздерінің етегін шалатыны сөзсіз»,-деп баса айтты.