Раиси: Иран бұрынғыдай Йемен халқының өз тағдырын өзі белгілеу құқығын қолдайды
ИИР Президенті: «Иран Ислам Республикасы бұрынғыдай Йемен халқының өз құқықтарын және өзінің тағдырын өздері анықтау диалогты қолдайды», -деді.
ИИР Президенті жұма күні Йемен Жоғары саяси кеңесінің басшысы Мәһди әл-Машаттың телефон қоңырауына жауап беріп, осы кеңестің мүшелері мен Йеменнің ұлы және төзімді халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, тұтқын емес, іс жүзінде азат йемендік тұтқындар тобының босатылуын құптап, оны осы елдің қымбатты халқының қарсыласуының нәтижесі атады.
Раиси Йемен проблемаларын шешуге қатысты таяудағы келіссөздердің нәтижелеріне ризалығын білдіріп, саяси келіссөздердің жалғасуымен тұтқындардың толық босатылуы, халықтың қоршауының жойылуы және бұл елде тұрақты атысты тоқтату орын алатынына үміт білдірді.
Йемен Жоғары саяси кеңесінің төрағасы Мәһди әл-Машат та Йемен саяси мәжілісінің мүшелерінің Ислам революциясының жетекшісіне сәлемін жеткізіп, Иран Ислам Республикасының Йемен халқына қолдауын жоғары бағалады және Ислам әлемінің жанашырлығының арқасында Алла Тағала Ислам үмбетіне жақсылық сыйлайтынына үміт білдірді.