Иран мен БАӘ сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударды
ИИР мен БАӘ сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесуінде екіжақты, соның ішінде жеке сектордағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдулла бен Заид әл Нахаян сенбі күні телефон арқылы сөйлескенде екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Иран Сыртқы істер министрі әмірлік әріптесін Ораза айт мейрамымен құттықтап, қазіргі қарым-қатынастарды ілгерілеу жолында деп бағалап: «Екі елдің ресми өкілдері арасында белсенді кездесулер мен кеңесулер жалғасуда. Қарым-қатынастардың жан-жақты дамуына шек жоқ»,- деді.
Осы телефон арқылы сұхбатта БАӘ Сыртқы істер министрі екі елдің түрлі салалардағы қарым-қатынастарын дамытудағы ортақ мүдделеріне сілтеме жасай отырып, бірлескен ынтымақтастықтың түрлі мүмкіндіктеріне де тоқталды. Аймақтағы жаңа жағдайларға қатысты шейх Абдулла бен Заид әл-Нахаян: «Соңғы апталарда аймақтағы ынтымақтастықтың күшеюіне, соның ішінде Теһран мен Риядтың жақсы қарым-қатынастары мен Сириядағы жаңа жағдайларға куә болдық»,- деді.
Бұл әңгімеде тараптар ынтымақтастықтын, соның ішінде жеке секторды мүмкіндігінше дамытудың маңыздылығын атап өтті.