Иран мен Сирия арасындағы еркін сауда тарифін төмендету қажетті айтылды
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Теһран мен Дамаск арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың нығаюына тоқталып, Иран мен Сирия арасындағы еркін сауда тарифін төмендетуді қажет деп санады.
Жоғары деңгейдегі делегацияны басқарып, Сирияға барған Иранның Жол және қала құрылысы министрі және Иран-Сирия бірлескен комиссиясының басшысы Мехрдад Базрпаш екі күндік сапарының мақсаттары туралы: «Бұл сапар бұрынғы келісімдерді ілгерілету және әртүрлі салалардағы жаңа келісімдерге негіз қалау мақсатында жүзеге асырылды»,- деді.
Базрпаш Иран мен Сирия арасындағы саяси қарым-қатынастардың ең жоғары деңгейде екеніне тоқталып, экономикалық саладағы қарым-қатынастардың дамуы мүмкін болатынына үміт білдірді. Иран-Сирия бірлескен комиссиясының басшысы: «Бұл сапарда теңіз және теміржол салаларындағы экономикалық байланыстарды кеңейту, банк операцияларын жеңілдету және еркін сауда тарифтерін төмендету мәселелері талқыланады»,- деп мәлімдеді.
ИИР Сириямен стратегиялық ынтымақтастыққа ие және Теһранның Сирия дағдарысы кезінде осы елдің заңды үкіметін қолдауы және әртүрлі лаңкестік топтармен күресу үдерісінде Асад үкіметіне көмектесуі осыны дәлелдейді. ДАИШ жеңіліске ұшырағаннан кейін Сирия мен Иранның қарым-қатынастары қазір кеңейіп, әртараптандырылды және бұл қарым-қатынастарды барлық салаларда дамытудың айқын перспективалары бар.