Башар Асад пен Базрпаш екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады
Сирия Президенті мен Иранның Жол және қала құрылысы министрі тасымал және қала құрылысы саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдары туралы кеңесті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Башар Асад сәрсенбі күні Дамаскта Мехрдад Базрпашмен кездесуінде Сирия мен Иран арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа перспективасы және сауда-экономикалық салада өзара қарым-қатынасты дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану жолдарын талқылады.
Башар Асад осы кездесуде: "Сирия мен Иранның экономикалық байланысын саяси қарым-қатынас деңгейіне жеткізу керек. Екі елдің үкіметтері өзара қатынасты нығайтып, арттыру жолындағы жұмыстарын жалғастыра берулері тиіс",-деді.
Мехрдад Базрпаш та осы кездесуде Иран Президентінің жолдауын жеткізіп, Теһран мен Дамасктың екіжақты экономикалық қатынасын қолдайтынын айтып: "Иран екі ел халқының мүдделерін сақтап, пайдасын арттыруға бар күшін салады",-деді.