Амир Абдуллахиан Бейрутте өзінің ливандық әріптесімен кездесті
(last modified Thu, 27 Apr 2023 15:28:36 GMT )
Сәу 27, 2023 21:28 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Бейрутте өзінің ливандық әріптесімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі екіжақты және аймақтық мәселелерді талқылау үшін өзінің ливандық әріптесімен кездесіп, сұхбаттасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Ливан Сыртқы істер министрі Абдулла Бухабибпен ортақ баспасөз отырысында: "Бүгінгі отырыста екіжақты мәселелер, Ливанның ішкі жағдайы және маңызды аймақтық және халықаралық тақырыптарды талқыладық",-деді.


Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметінің Ливанға тек жақсылық тілейтінін айтып: "Ливан үкіметі мен саяси партиялары президенттік сайлауда консенсусқа келу үшін тиісті күш-қабілетке ие",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Иран Ливанның барлық топтары арасында қандай да бір келісімнің болуын қолдайды. Барлық шетелдік тараптарды Ливан ісіне араласпай, сайлауға құрметпен қарауға шақырады",-деді.

Ливан Сыртқы істер министрі: "Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімнің Ливанға оң әсер еткеніне куә болармыз деп үміттенеміз",-деді.

Абдулла Бухабиб: "Иран Сыртқы істер министрімен  Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісім жайлы және Иран мен Ливанның энергетика саласындағы ынтымақтастығы туралы сұхбаттасты",-деді.

Ол: "Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісім Ливан, Йемен, Палестина мен Сирияға оң ықпал етеді",-деді.