Ислам революциясының жетекшісі: Екіжақты ынтымақтастықты дамыту екі елдің мүддесіне сай келеді
Ислам революциясының жетекшісі Ирактың тәуелсіздігі, дамуы мен өркендеуі Иран үшін аса маңызды екенін баса айтып: "Екіжақты ынтымақтастықты дамыту және өзара келісімдерді орындау екі елдің мүддесіне сай келеді",-деді.
Аятолла Хаменеи сенбі күні Ирак Президенті Абдул Латиф Рашид және ол бастаған делегацияны қабылдап, Иран мен Ирактың әріптестігін кеңейтуге қажетті шарт келісілген келісімдердің, әсіресе қауіпсіздік пен экономика салаларындағы келісімдердің орындалуын байсалды түрде қадағалау деп атап: "Иран мен Ирак арасында қарым-қатынастың дамуы мен тереңдеуіне қарсылар көп. Екі елдің арасында мықты тарихи және діни байланыстар болмаса, өзара қатынас Саддам заманындағы жағдайға қайтып оралар еді",-деді.
Аятолла Хаменеи екі елдің арасында 8 жыл соғыс болса да, Ирак халқының Арбағин және басқа да күндері ирандық зияратшыларды жылы күтіп алатынына тоқталып: "Бұл аса маңызды құбылыстың мәні мынада: екі халық пен екі ел арасында мықты біріктіруші факторлар бар. Сондықтан сыртқы саяси факторлар оларға әсер ете алмайды. Сол себепті осы мұрсатты өзара қатынасты одан ары тереңдетуге пайдалану керек. Және оны сақтау үшін әрдайым қырағы болу керек",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Ирак үкіметінің қазіргі жағдайына ризалық білдіріп, оны халық пен ирактық топтардың бірігуінің нәтижесі деп атап: "Иракта мықты тұлғалар, жақсы ойлар мен құлшынысы зор жастар бар. Осы ұлттық байлықты пайдаланып, бірлікті сақтауға жағдай жасалуы тиіс",-деді.
Аятолла Хаменеи америкалықтардың Иракқа дос емес екенін айтып: "АҚШ ешкіммен дос емес. Тіпті өзінің еуропалық достарына да адал емес. Иракта бір америкалықтың болуының өзі артық",-деді.
Ирак Президенті Ислам революциясының жетекшісімен жүздескеніне қуаныш білдіріп: "Бағдат пен Теһран әртүрлі салаларда мықты да үздіксіз қарым-қатынасқа ие",-деді.
Абдул Латиф Рашид Иран басшыларымен кездесулеріне тоқталып: "Ирак үкіметі Иранмен байланысын тереңдетуге және екі ел арасында қалған кейбір мәселелерді шешуге күш салып жатыр",-деді.
Ирак Президенті сондай-ақ Иран үкіметі мен халқына түрлі кезеңдерде, әсіресе лаңкестікпен күресте көмектесіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.