Ердоған: Сирияда ДАИШ-тың бір серкесінің көзін жойдық
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69382
Түркия Президенті осы ел барлау қызметінің Сириядағы бір әскери амалы барысында ДАИШ-тың бір серкесінің өлтірілгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 02, 2023 00:58 Asia/Almaty
  • Ердоған: Сирияда ДАИШ-тың бір серкесінің көзін жойдық

Түркия Президенті осы ел барлау қызметінің Сириядағы бір әскери амалы барысында ДАИШ-тың бір серкесінің өлтірілгенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған кеше кешке теледидар арқылы сөйлеп: "ДАИШ серкесі Абу Хұсейн әл-Құрейши Түркия барлау қызметінің Сириядағы амалы барысында өлтірілді",-деді.

Түркия барлау қызметінің әскери амалы Сирияның солтүстігіндегі Джандарис қаласында Түркия шекарасына жақын маңда болған.

ДАИШ 30 қарашада осы ұйымның серкесі Абу Хасан әл-Хашемидің қаза тапқанын, оның орнына Абу Хұсейн әл-Құрейшидің тағайындалғанын хабарлаған болатын.