Ливанның "Хезболла" қозғалысы Бас хатшысының мәлімдемесі
Ливанның "Хезболла" қозғалысының Бас хатшысы: "Аймақтағы исламдық қарсыласу қозғалысының жеңістері жалғасуда" деп баса айтты.
Ливандық "Хезболла" қозғалысының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла исламдық қарсыласу қозғалысына қолдау көрсеткен барша адамдарға алғыс білдіріп: "Елдер мен халықтарды қорғау мақсатындағы Қарсыласу қозғалысы өз әрекеттерін жалғастыруда. Бұл қозғалыстың жеңістері жалғасады» деді.
Ливандық "Хезболла" қозғалысының Бас хатшысы Ислам революциясы жетекшісінің Қарсыласу қозғалысын қолдауға байланысты жуырдағы ұстанымына тоқталып: "Қарсыласу қозғалысы дұшпандардың барлық жоспарлары мен астыртын әрекеттерінің күшін заласыздандырады. Аймақта сионистік режимнің жоспарларымен күрестің жалғасуымен қатар, исламдық қарсыласу қозғалысына зиян келтіру талпыныстары да жалғасатын болады.
Сирияға шабуыл жасау әрекетінің негізгі мақсаты Қарсыласу қозғалысына зиян келтіру және оның бағытын өзгерту болып табылады. АҚШ пен оның аймақтағы қолшоқпарлары және олардың басында тұрған Сауд Арабиясы Қарсыласу қозғалысына қолдау көрсету базаларына соққы беруді мақсат етуде» деді.
Сондай-ақ "Хезболла" қозғалысының Бас хатшысы Араб Лигасы мен Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының "Хезболланы" лаңкес деп атаған шешімін айыптап: "Саудиялықтар аймақтағы Қарсыласу қозғалысына қарсы бағытталған бағдарламалар жебесінің ұшына айналды" деп мәлімдеді.
Насролла саудиялықтардың Сирия мен Йеменге байланысты келіссөздердің сәтсіздікке ұшыратуды мақсат еткенін баса айтып: "Сауд Арабисы аймақтағы атысты тоқтату келісіміне қарсы және кез келген қақтығыстың шиеленісуін қолдайды", деді.