Раиси: Иран қиын кезеңде аймақ елдерінің досы
ИИР Президенті: «Иран қарсыласу кезеңінде Сирия халқы мен үкіметінің досы әрі қолдаушысы болды және Иран мен Сирияның қарсыласушы екі ел арасындағы бауырластық жалғаса береді»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси кеше, бейсенбі күні түстен кейін Сирияның Сыртқы істер министрі Валид Муаллеммен кездесуде қарсыласу ағымының, әсіресе Палестинадағы сионистік режимді тоқтатқанын және бүгінгі экспансионизм мен басып алу тәсілінің сәтсіздікке ұшырағанын қуаттап: «Сионистік режим АҚШ пен Батыс елдерінің қолдауымен, сондай-ақ Америка құрған лаңкестік топтарды өрістету арқылы Сирияны бөлшектеуге ниет етті, бірақ нәтижеге жете алмады»,- деп баса айтты.
Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллем де осы кездесуде Батыс Азия аймағындағы ең маңызды оқиғаларға тоқталып: «Аймақтағы оқиғалардың барысы Иран мен Сирия қарым-қатынасының өсу үрдісін көрсетеді»,- деді.