Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің кеңесшісі Башар Асадпен кездесті
(last modified Sat, 07 May 2016 13:59:37 GMT )
Maм 07, 2016 19:59 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің кеңесшісі Башар Асадпен кездесті

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі ИИР-ның аймақтағы лаңкестермен күресу үшін өзінің барлық мүмкіндіктерін қолданатынын айтты.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің кеңесшісі Әли Акбар Велаяти сенбі күні Дамаскте Сирия президенті Башар Асадпен кездесуінде: «Сирия халқы мен үкіметінің қорғанысы, қарсыласуы және қайсарлығы Дамаскке дейін алға жылжыған лаңкестерді кері шегінуге мәжбүр етті.

ИИР лаңкестік топтарға қандай көзқараста болмасын, ұстамшыл және әсірешіл лаңкестер деп масқара бөлінісіне қарамастан, тосқауыл қояды. Лаңкестермен соғыс аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Қарсыласу қозғалысы әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін күресіп, табандылық танытып отыр» деді.

Сирия президенті де Иранның Сирия халқы мен үкіметіне қолдау көрсетуіне алғыс айтып: «ИИР осы уақытқа дейін аймақтағы лаңкестер мен әсірешіл және тәкфирлік ағымдармен күресуге және оларға тосқауыл қоюға өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдаланып келді» деді.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі жұма күні кешке Ливанға жасаған сапары аяқталып, қарсыласу ғұламалары әлемдік одағының кеңестік саммитінің халықаралық отырысы мен «Аһле бейт» әлемдік ассамблеясы жоғары кеңесінің саммитіне қатысқан соң Дамаскке келді.