Йеменде Газа секторына қолдау ретінде ауқымды шеру өтті
Maм 14, 2023 19:02 Asia/Almaty
Йеменнің түрлі қалаларында мыңдаған адам Палестина халқына қолдау ретінде шеру өткізді.
Йеменде ондаған мың адам жексенбі күні таңертең Газа секторына қолдау ретінде көшеге шығып, сионистік режимге қарсы ұрандатты.
Саада, әл-Махуит, Тааз, Дамар мен Умран қалаларының басты алаңдарында халықтық шерулер өтті.
Бүгін кешке Сана мен әл-Хадида қалаларында ауқымды митинг өтеді. Қазірден бастап көптеген адам осы іс-шараға қатысу үшін Йемен астанасына ағылуда.
Палестинаны қолдауға арналған бүгінгі митинг "Азат күрескерлердің кек алу жорығы" деп аталады. Газаның қарсыласу күштері сионистік режимге қарсы бес күндік соғысты осылай атаған болатын.
Тегтер