Сионистер шәһидтік операциясын орындаушының үйін жарып жіберді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69884
Сионистік күштер Тель-Авивтегі шәһидтік операциясының жетекшісі  Мутзал Хаваджаның  Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Налин елді мекеніндегі үйін жарып жіберді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 23, 2023 17:04 Asia/Almaty

Сионистік күштер Тель-Авивтегі шәһидтік операциясының жетекшісі  Мутзал Хаваджаның  Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Налин елді мекеніндегі үйін жарып жіберді.

ИРНА-ның сейсенбі күні Палестина Әл-Яумге сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сионистік күштер бүгін таңертең Налин қаласына шабуыл жасап, шәһид Моғтаз әл-Хаваджаның үйін қоршауға алды. Осы шабуылдан кейін палестиналық жастар басқыншы күштермен қатты қақтығысты. Содан кейін басқыншылар осы палестиналық шәһидтің үйін жарып жіберді.

Өткен наурыздың 9-ы күні Тель-Авивтің Дизенгофф көшесіндегі әл-Хаваджаның шәһидтік операциясында 5 сионист ауыр жарақат алды.