Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдары жалғасуда
Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары Йеменнің түрлі облыстарын бомбалап, осы елдің бір топ азаматын қанға бөктірді.
Йеменнің «Саба» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саудия қырғи ұшақтарының Йеменнің солтүстігіндегі Эль-Джауф облысында Йемен үлемдерінің бірі шейх Салех Дарманның үйіне жасаған әуе шабуылынан 11 адам, соның ішінде үш әйел мен екі бала қаза тапқан.
Йемендік дереккөздері осы шабуыл барысында бірнеше ғимараттың қирағанын хабарлады. Құрбан болғандардың саны артуы ықтимал.
Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары сондай- ақ Сана облысына қарасты Бани Матар қаласы мен Йемен орталығы Дамар облысындағы әш- Шарқ қаласында бір үкіметтік ғимаратты бомбалады. Сол оқиғада құрбан болғандар туралы мәлімет жарияланған жоқ.
Сауд Арабиясының Йеменге 10 ай бойы жасаған шабуылдары салдарынан қазірге дейін 8 мыңнан астам адам қаза тауып, шамамен 30 мың кісі жараланған.
Алайда Йемен армиясы мен халықтық күштері Сауд Арабиясы шабуылдарының қарымтасы ретінде Эль-Джауф облысындағы әл-Джазм қаласында Саудияның жалдамалы күштерін бас қосқан кезде нысанаға алды.
Йемен армиясы сондай- ақ Сауд Арабиясы жерінде Джизан аймағының әл- Хубе қаласында арнайы амалдарды жүзеге асырып, бірнеше саудиялық әскеридің көзін жойды.