Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылынан ондаған адам қаза болды
(last modified Sun, 14 Feb 2016 09:49:34 GMT )
Ақп 14, 2016 15:49 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылынан ондаған адам қаза болды

Саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің Коукабан тарихи қаласына жасаған шабуылынан 15 адам қаза тапты.

Йеменнің «Al Massirah» телеарнасының хабарлауы бойынша, саудиялық қырғи ұшақтардың бүгін, жексенбі күні таңертең Йеменнің батысындағы әл-Махвиат облысының Коукабан тарихи қаласына жасаған шабуылынан 15-тен астам адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары, сондай-ақ, Йеменнің астанасы Сананың Шауб ауданындағы бірнеше шеберханаға шабуыл жасап, оларды толығымен қиратты. Осы шабуылда да бірқатар адамның жараланып, қаза болғаны туралы хабарлар жарияланды.

Йеменнің орталық бөлігіндегі Маариб облысының Сарвах қаласында да Сауд Арабиясының басқыншылығы салдарынан бір мешіт, ондаған үй мен егіс алқабы қиратылды. Бұл шабуылда 20-дан астам қарапайым азамат қаза болған көрінеді.

Осы шабуылдарға жауап ретінде Йемен армиясы мен халықтық күштері Сауд Арабиясының Асир аймағындағы әл-Рабуе қаласында саудиялық режимнің әскерилері шоғырланған жерді нысанаға алды. Соның нәтижесінде ондаған саудиялық әскеридің көзі жойылды.