Maм 09, 2016 16:06 Asia/Almaty
  • ДАИШ Ирактың Киркук қаласына химиялық шабуыл жасады

ДАИШ-тың Ирактың солтүстігіндегі Киркуктің оңтүстігіне жасаған химиялық шабуылында бірнеше адам зардап шекті.

Al-Youm Al-Sabe'a ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ДАИШ лаңкестерінің жексенбі күнгі Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласының оңтүстігіндегі әл-Башир ауылына жасаған шабуылында күрд «Пишмарге» күштерінің бірнешеуі зардап шекті. Шабуылда лаңкестер хлор газын пайдаланып, Пишмарге күштерінің біразы тұншығатын жағдайға душар болды. Аталмыш ауыл ДАИШ-тың химиялық шабуылдарымен бетпе-бет келді.

Ирактан келіп түскен келесі хабар бойынша Ирактың ортақ әрекеттерінің қолбасшысы: «Өткен 24 сағатта елдің әтүрлі аймақтарында ДАИШ-тың позицияларына қарсы 57 әуе операциясы іске асырылды»,- деп хабарлады.

Ирактың солтүстік-батысындағы Салаһаддин облысындағы әл-Шарқат және Байджи аймақтарында, солтүстігіндегі Нейнавада, батысындағы Фалудже мен әл-Анбарда орын алған шабуылдарда ДАИШ-тің 10 зымыран базасы мен көптеген әскери жабдықтары жарылып, 50-ден астам лаңкес өлді.

Тегтер