Сауд Арабиясының Израильмен ынтымақтастығы Сауд режимінің Палестинаға көрсеткен зұлымдығы
Тель-Авив пен Риядтың стратегиялық ынтымақтастықтары туралы хабарлардың жариялануымен тұспа-тұс Израильдің барлау ұйымы Моссадтың бұрынғы басшысы да бұл ынтымақтастықтарды қолдады.
Моссадтың бұрынғы басшысы Тамир Пардо Тель-Авив пен Риядтың стратегиялық ынтымақтастықтарын мойындап: «Израиль үшін ең шынайы қатер палестиналықтар арасындағы қайшылықтар»,- деді. Моссадтың бұрынғы басшысы бұл сөздерді АҚШ-тың Гарвард университетінде айтты. Бұдан бұрын Сауд Арабиясы қауіпсіздік органының бұрынғы басшысы Турки Фейсал сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың ішкі қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Якуб Амидормен Вашингтондағы Таяу Шығыс саясаты ұйымында кездесті. Турки Фейсал мен Яқуб Амидор Сауд Арабиясы мен Израильдің Иран мен аймақтағы қарсыласу қозғалыстарына қарсы ынтымақтастық ететіндерін қуаттады.
АҚШ-тың «Блюмберг» ақпарат агенттігі жуырдағы өз мәлімдемесінде Израиль мен Сауд Арабиясы өкілдерінің құпия бес отырыс өткізгендері туралы жазды. Бұл отырыстар 2014-ші жылдан бері Үндістан, Италия және Чехияда өтіп, олардың тақырыбы Тель-Авив пен Риядтың ИИР-на қарсы дұшпандық мәселесі болды.
Сауд Арабиясы Алланың үйін күтуші, Исламдық ынтымақтастық ұйымының кеңсесі орналасқан исламдық мемлекет бола тұра өткен бірнеше жылда исламға қарсы саясаттар жүргізіп, ислам әлемі мен ислам үмбетіне ең көп зұлымдық көрсетті. Сауд Арабиясы сионистік режим мен АҚШ-тың саясатын қолдап, қарсыласу қозғалысына қарсы саясат ұстанып, ислам әлемінің ортақ дұшпаны Израильмен стратегиялық ынтымақтастық орнатып отыр. Сауд Арабиясы ислам әлемінің барлық мүмкіндіктерін Палестинаның қарсыласу қозғалысы мен мақсаттарын қорғау үшін пайдаланудың орнына оларды сионистердің ықтиярына беріп, Палестинаның езілген халқына қарсы қылышын көтерді.
Палестина халқының құқықтары мен мақсаттарын қорғау міндетімен құрылған Исламдық ынтымақтастық ұйымы осы кезде Сауд режимінің қиянаттарына байланысты исламдық елдерге қарсы және Палестина мәселесіне көзжұмбайлық білдіретін орталыққа айналды. Шын мәнінде барлық исламдық мемлекеттер Палестина халқының мүдделері туралы ойлауы керек. Сауд режимі мұнай долларларын жұмсап, Исламдық ынтымақтастық ұйымы, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі, Араб лигасының аясында мақсатты отырыстар өткізіп, ислам әлемінің ортақ дұшпаны Израильмен ынтымақтастық етуде.
Исламдық және араб органдарында Ливанның Хизболласын лаңкестік деп атау Сауд Арабиясы өмірінің ең қара күндерін өткізіп, шынайы қауіпсіздік мәселелермен бетпе-бет келіп отырған сионистік режимге көрсеткен қызметінің бірі болды .
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың айтуынша, саудиялықтар аймақтағы қарысыласу қозғалысына қарсы жобалардың көшбасшысына айналды. Бұл саясаттың пайдасын әрқашан Ливан мен Палестинаның исламдық қарсыласуынан ұтылған сионистік дұшпан көреді.