Бағдадта Америкаға қарсы шерулер өтті
Америка армиясының Ирактағы қарсыласу топтарының жетекшілеріне қастандық жасағысы келеді деген ақпарат жарияланғаннан кейін бұл елдің халқы Бағдадта Америкаға қарсы шерулер ұйымдастырды.
PressTV-дің мәліметінше, наразы ирактықтар Бағдадтың АҚШ елшілігі орналасқан жасыл аймақтың маңына жиналып, «Америка - үлкен шайтан» деп ұрандады.
Наразылық білдірушілер Ирактағы дағдарыстарға Вашингтонды жауапты деп санайды. Бұған дейін АҚШ пен Қытайдың Ирактағы лаңкестікке қарсы қарсыласу майданының, әсіресе Әл-Нуджба исламдық қарсыласу қозғалысының жетекшілеріне қастандық жасау туралы ақпарат тараған болатын.АҚШ бұл қарсыласу тобының қолбасшыларын бірнеше ай бұрын Сириядағы америкалық басқыншы күштерге шабуыл жасауды жоспарлады деп айыптады.