Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әскери шапқыншылығы жалғасуда
Саудия режимінің қырғи ұшақтары Йеменнің қорғансыз халқына қарсы шабуылдарының жалғасында осы елдегі бірнеше тұрғын аймақты бомбалады.
Дүйсенбі күні таңертең Саудияның бомбалаушы қырғи ұшақтары Йеменнің астанасы Сананың маңындағы Амран облысына қарасты «Харф Амран» аймағын шабуыл нысанасына алды. Осы амалдарда 10 йемендік қаза тауып, 10 адам жараланды.
Саудияның қырғи ұшақтары Йеменнің оңтүстігіндегі Таиз облысының кейбір аймақтарын әуе шабуылдарының нысанасына алды.
Сауд Арабиясының жалдамалы күштері Йеменнің оңтүстігінде «Шабва» облысының «Асилан» қалашығының тұрғын аймақтарын минометпен нысанаға алды.
Йеменнің Аlmasirah телеарнасы да Саудияның жалдамалы күштерінің Сана облысының тоғызыншы қалашығындағы «Мобдае» аймағына зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады. Осы шабуылдарда Йеменнің бірнеше азаматы жараланды.
Кувейтте Йемендегі саяси партиялар мен ағымдар және Мансур Хадидің атынан қатысқан делегация арасында бітім келіссөздері жүріп жатыр.