Садрдың жақтастары Бағдаттағы Швецияның елшілігін өртеп жіберді
Ирак пен Швецияның Сыртқы істер министрліктері өз мәлімдемелерінде Садр жақтастарының Бағдаттағы Швецияның елшілігін өртегенін айыптады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде бүгін, бейсенбі Садр жақтастарының Бағдаттағы Швецияның елшілігін өртегенін айыптады.
Бұл мәлімдемеде: "Мұндай шара дипломатиялық өкілдіктерге шабуыл жасап, олардың қауіпсіздігіне қатер төндіру болып табылады",-делінген.
Швеция Сыртқы істер министрлігі Бағдаттағы өз елшілігіне жасалған шабуылға реакциясында: "Біз дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне шабуылдарды айыптаймыз. Елшіліктер мен дипломаттарға шабуыл Вена келісімін өрескел бұзумен тең",-деді.
Швеция полициясы Стокгольмдағы Ирак елшілігінің алдында Құран мен Ирак туын қорлауға рұқсат бергеннен кейін Ирактағы Садр жақтастарының бір тобы бейсенбі күні таңертең шеру өткізіп, Бағдаттағы Швецияның елшілігін өртеп жіберді.