Басып алынған Палестина жерінде Нетаньяхуға қарсы шеру 30-шы аптаға аяқ басты
Басып алынған жерлердің тұрғындары 30 апта бойы сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен оның сот реформасына қарсы шеру өткізіп жатыр.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шерулер Хайфа, Тель-Авив, басып алынған Құдста наразылардың ауқымды түрде қатысуымен өтті.
Иврит тіліндегі "Едиот Ахронот" газеті: "Басып алынған жерлердегі 150-ден астам ауданда 370 мыңнан аса израильдік Нетаньяху үкіметінің сот реформасы жобасына қарсы шеруге шықты",-деп мәлімдеді.
"Едиот Ахронот" газеті: "Тель-Авивтегі шеруге 200 мыңнан астам адам қатысты",-деп хабарлады.
Наразылар Беньямин Нетаньяху кабинетіне қарсы ұрандар айтып, сот реформасына қатысты жобаны бекіту үдерісін тоқтатуды талап етті.