Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Айн Халва қосынындағы қақтығыстарға алаңдаушылық білдірді
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Ливанның оңтүстігіндегі Айн Халва палестиналық қосынында қарулы қақтығыстар жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Қақтығыстар салдарынан ондаған палестиналық қаза тауып, жараланды және көптеген адам қайтадан босқынға айналды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани бейсенбі күні Айн Халва қосынындағы қақтығыстарға алаңдаушылық білдіріп, бұл өңірде қақтығыстарды толық тоқтатып, барлық тараптардың атысты тоқтату бітіміне берік болуы керегін айтып: "Палестина жері басқа кезден көбірек палестиналықтардың бірлігі мен ынтымағына зәру",-деді.
Канани: "Палестина халқы, топтары мен ағымдары қырағылық сақтай отырып, өздерінің барлық күш-қабілеті мен мүмкіндіктерін басқыншы сионистерге қарсы күресуге жұмсауы керек. Өйткені Палестина халқының қиындықтары мен аймақтағы тұрақсыздық пен тынышысыздықтың бастауы – сионистік режим. Басқыншылықты толық жою, барлық палестиналық босқындарды Отанына қайтару, Палестинаның бүкіл тарихи жерінде Қасиетті Құдсты астана етіп тәуелсіз әрі біртұтас үкімет құруға жағдай жасау керек",-деді.