Иракта ДАИШ-тың басшысы өлтірілді
Пентагон: «Ирактың әл-Анбар облысында ДАИШ-тың айтулы басшысы Абу Уахиб өлтірілді»,-деп хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі (Пентагон) дүйсенбі күні: «Ирактың әл-Анбар облысында ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абу Уахиб 6 мамырда болған бір әуе шабуылында өлтірілді»,-деп хабарлады.
Пентагонның ақпарат өкілі Питер Кук: «Бұрындары ДАИШ-тың жаппай өлтіру әрекеттерінің суреттерінде байқалған осы топтың әл-Анбар облысындағы әскери басшысы Абу Уахиб осы әуе шабуылында өлтірілді»,-деді.
ДАИШ тәкфирлік-лаңкестік тобының әл-Анбар облысындағы басшысы Шакер Уахид өткен жұма күні өлтірілген еді.
Ирактың жоғары лауазымды бір әскери тұлғасы «Alsumaria News» агенттігіне берген сұхбатында: «Шакер Уахиб пен оның бірқатар серіктерін тасымалдап бара жатқан көлік бір әуе шабуылында нысанаға алынды»,-деді.
Сондай-ақ, «al-Ahd» ақпарат сайтының кеше хабарлауынша, әл-Анбардың батысындағы әл-Махазен аймағындағы ДАИШ-тың әскери басшысы Абу Махнад әт-Тунеси де Ирак армиясы әуе күштері тарапынан өлтірілді.