Моссадтың бұрынғы басшысы: Сионистік арманның соңына жақындап қалдық
(last modified Wed, 09 Aug 2023 14:32:17 GMT )
Там 09, 2023 20:32 Asia/Almaty
  • Моссадтың бұрынғы басшысы: Сионистік арманның соңына жақындап қалдық

Сионистік режимнің "Моссад" тыңшылық қызметінің бұрынғы басшысы: "Режимнің қазіргі кабинеті сионистік арманның да, сионистердің де жойылуына әкеліп соқтырады",-деді.

"Едиот Ахронот" сионистік газетінің хабарлауынша, Тамир Пардо өз сөзінде сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху кабинетінің амал-әрекеттерін қатаң айыптап: "Бұл кабинет сионистерді жояды",-деді.

Тамир Пардо сионистік режимнің өз қолымен өзін жойып жатқаны таңғалдыратынын айтып: "Фашист ұлтшылдар яджудж-маджудж соғысы аяқталып, иудейлер басқа ағымдарды жеңуін күтіп отыр. Израильдің достары ондағы шешім қабылдаушыларға осыны ескертіп жатқанына бірнеше жыл болды",-деді.

Моссадтың бұрынғы басшысы бірнеше күн бұрын: "Нетаньяху ұсынған сот реформасына байланысты бұл режимде болашақ жоқ. Ол жойылу алдында тұр.  Израильдің құлдырауын енді ешқандай коалиция құтқармайды",-деді.