Сирия сионистік режимнің Дамаскқа әуе шабуылының бетін қайтарды
(last modified Sun, 13 Aug 2023 15:41:20 GMT )
Там 13, 2023 21:41 Asia/Almaty

Сирияның әуе-қорғаныс кешені сионистік режимнің Дамаскқа әуе шабуылының бетін қайтарды.

Сирияның бір қауіпсіздік басшысы Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Сионистік режимнің қырғи ұшақтары басып алынған жерлердің көгінен Дамасктың атырабына бірнеше зымыран атты",-деді.

Сирияның бір қауіпсіздік басшысы: "Сирияның әуе-қорғаныс кешені зымырандарды нысанаға жетпес бұрын жойып жіберді",-деп хабарлады.

Бұдан бұрын Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігі Дамасктың атырабында жарылыстардың дыбысы естілгенін хабарлады. Жарылыстардың себебі анықталуда.  

Тегтер