Хизбулла әскери көрмеде зениттік зымырандарын таныстырды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i71934
Ливан Хизбулласы Ливанның шығысындағы Баальбек қаласында өтіп жатқан әскери көрмеде "Сам-6" атты жаңа зениттік зымырандарын таныстырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 27, 2023 20:24 Asia/Almaty
  • Хизбулла әскери көрмеде зениттік зымырандарын таныстырды

Ливан Хизбулласы Ливанның шығысындағы Баальбек қаласында өтіп жатқан әскери көрмеде "Сам-6" атты жаңа зениттік зымырандарын таныстырды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл әскери көрме сенбі күні кешке Ливан Хизбулласының саяси кеңесінің басшысы Ибрахим Амин әс-Саидтың қатысуымен ашылды.

Көрмеге қойылған сауытты көліктер мен қару-жарақтар Хизбулланың 1982, 2000 жылдары және 2006 жылғы 33 күндік соғыста сионистік режимнен олжалаған әскери жабдықтар болып табылады.

Ибрахим Амин әс-Саид көрменің ашылу рәсімінде: "Көрмеге қойылған әскери техника қарсыласу күштерінің дұшпанды жеңу және әлсіретудегі қарым-қабілеті мен тиімділігін көрсетеді",-деді.