Бахрейн режимінің түрмелеріндегі жабайы әрекеттер әшкереленді
Бахрейндік саяси белсенді Бахрейн түрмелерінде Халифе әулеті режимінің түрлі жабайы шаралары мен азаптау әрекеттерін хабарлады.
Иран телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бахрейндік саяси белсенді Райхана әл- Мусави өткен үш жыл бойы тергеу барысында азапталғанын, сондай- ақ Бахрейн режимінің түрмелерінде өз көзімен көрген азаптау шараларын айғақтап берді.
Бахрейннің Адам құқығы жөніндегі ұлттық кеңсесі төрағасының орынбасары Абдолла әл- Дерази Райхана әл- Мусавидің ісін шынайы түрде қарастыруға міндеттеме қабылдады.
Бахрейндік «Хақ» қозғалысы да Райхана әл- Мусавидің Бахрейн режимінің түрмелеріндегі түрлі азаптау шаралары туралы айтқандары Халифе әулеті режимінің жабайылығы мен оның секташылдығын көрсетеді деп мәлімдеді.
Қазірге дейін Бахрейннің көптеген азаматтары түрлі айыптармен, атап айтқанда Бахрейн басшыларын сынағаны үшін сотталып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылған.