ДАИШ Иракта өзінің 45 мүшесін тірідей көмді
Ирактың қауіпсіздік күштерінің әл-Башир қаласындағы жеңістерінен кейін ДАИШ лаңкестік тобы өзінің қашқан ондаған мүшесін тірідей көмді.
Alsumaria агенттігінің мәліметі бойынша, Ирак әскерінің хабардар көздерінің бірі: «ДАИШ лаңкестік тобы өзінің 45 адамын Ирактың қауіпсіздік күштерімен қақтығысуы кезде қашқандары үшін Киркук облысында тірідей көрге көмді»,- деп хабарлады.
Есімін атағысы келмеген Ирактың қауіпсіздік қайраткерінің бірі: «ДАИШ-тің такфіршіл лаңкестері тіпті өз мүшелеріне де рақымшылық танытпайды»,- деді.
Осы мәлімет бойынша, Ирак әскері мен халықтық күштерінің Киркуктің оңтүстік аймақтарындағы жеңістері мен әл-Башир қаласын азат етуі ДАИШ лаңкестірінің рухын әлсіретті.
Өткен аптада да ДАИШ өзінің 25 лаңкесін, соның ішінде 4 басшысын ирактық күштермен қақтығыс кезінде қашқандары үшін өлтірген болатын.