Ирактың ішкі қаржы айналымынан доллар шығарылады
(last modified Mon, 25 Sep 2023 15:15:34 GMT )
Қыр 25, 2023 21:15 Asia/Almaty
  • Ирактың ішкі қаржы айналымынан доллар шығарылады

Ирактың орталық банкі: "Бұл елдегі барлық ішкі сауда мәмілелері үш айдан кейін, яғни жаңа жылдан бастап динармен жасалады",-деді.

Соған сәйкес, 4 айдан кейін Иракта ішкі мәмілелер динардан басқа доллар сияқты шетелдік валюталармен жасауға тыйым салынады. Тек туристер шетелдік валюталар қолдана алады. Бірнеше айдан бері долларға шаққандағы динардың құны түсіп кетті. Соның салдарынан Иракта басты тауарлардың бағасы өсіп кетті. Ирак басшылары динар құнының түсу себебін елдегі валюта контрабандасы деп жариялады.