Амир Абдуллахиан Ирак Сыртқы істер министріне Найнавада болған өртке байланысты көңіл айтты
Иранның Сыртқы істер министрі Ирактың Сыртқы істер министрі мен халқына хат жолдап, Найнавада болған өрттен көптеген адамның қаза тапқанына байланысты көңіл айтты.
Сейсенбі күні кешке Ирактың Найнава облысында "әл-Хамдания" салтанат сарайында болған өрттен 500 адам қаза тауып, жараланды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Фуад Хұсейнге хатында: "Сейсенбі күні кешке Ирактың Найнава провинциясының Хамдания ауданында болған өртте көптеген құрметті ирактық бауырластардың қаза болуы мен жарақат алуына қатты қайғырып, Сізге, үкіметке, халыққа және бүкіл әлемге, әсіресе марқұмдардың жақындарына көңіл айтамыз",-деді.
Амир Абдуллахиан осы хатта ИИР-дың жедел жәрдем және құтқару қызметтерінің осы оқиғадан зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін хабарлады.