Зымырандық шабуыл; Израиль телеарнасының «Әл-Ақса дауылының» басталуы туралы баяндауы
Сионистік телеарна бүгін таңертең Палестина қарсыласуының зымырандық шабуылын 2008 жылдан бері болмаған және ең қарқынды зымырандық шабуылдардың бірі деп сипаттады.
Сионистік режим телеарнасының 13-арнасы бүгін таңғы сағат 06:30-да басып алынған Палестинаның орталығы мен оңтүстігінде дабыл қағысының соғылғанын және осыдан кейін 2008 жылғы Газамен соғыстан кейінгі ең қарқынды зымырандық шабуылдың басталғанын хабарлады.
13-арна Палестина қарсыласу күштерінің бірқатарының сионистік орталықтарға енуіне назар аударып, оларды лаңкес деп сипаттап, былай деп жазды: "Газа секторынан ондаған лаңкес Израильге басып кірді. Тұрғындардан үйлерінде қалуды сұраймыз". Кейбір сионистік елді мекендердің тұрғындарының жаппай қашуының бірнеше бейнематериалы кибер кеңістікте жарияланған жағдайда, бұл израильдік ақпарат құралдары сионистік режим армиясының үйде қалу талабына тоқталды.
13 арна: "Бүгінгі шабуылдарда Негев аймақтық кеңесінің басшысы Офир Либштайн лаңкестермен [қарсылық күштері] атыс кезінде қаза тапты",- деп жазды. Израильдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның орнына Либштайнның орынбасары Йосси Керен келіп, Негев елді мекенінің істерін өз қолына алды.
Сондай-ақ, Yediot Aharonot газеті Сдерот қаласына қарсылық күштерінің еніп және олармен уақытша режимнің әскери элементтері соқтығысқанын хабарлады.
Бүгін таңертең «Катаиб әл-Қассамның» бас қолбасшысы басып алынған Палестинаның бірнеше елді мекендері мен қалаларында зымыран тасығыштардан сионистік режимге қарсы «Әл-Ақса дауылы» атты жаңа операцияның басталғанын хабарлады.