Сионистік армия радиосы: ХАМАС шамамен 35 израильдікті тұтқынға алды
Сионистік армияның радиосы қарсыласу күштерінің бүгін таңертеңгі операция барысында шамамен 35 сионисті тұтқындағанын хабарлады.
Осыған байланысты Исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) әскери бөлімшесі «Әл-Қассам» ақпарат сайты да кейбір израильдік тұтқындардың суреттерін жариялады.
«Катаиб әл-Қасамның» бас қолбасшысы сионистік режимге қарсы «әл-Ақса дауылы» деп аталатын жаңа операцияның басталған кезінде басып алынған Палестинаның (Израильдің) бірнеше елді мекендері мен қалаларына зымырандық шабуыл жасалғанын хабардар етіп: " Бұл операция Израиль режимінің әл-Ақса мешіті мен Палестина халқына қарсы қылмыстарына жауап ретінде басталды",- деп жариялады.
Сондай-ақ, бірқатар израильдік сарбаздың қазасы туралы көптеген суреттер жарияланып, көптеген бейнежазбаларда сионистік сарбаздардың мәйіттерінің Газа секторына жеткізілгені байқалады. Сонымен қатар, сионистік құрбандардың саны өте көп екені хабарланып, кейбір ақпарат көздері 150 адамға дейін қаза тапқанын жариялады. Сондай-ақ Израиль армиясы радиосының хабарлауынша, 150 сарбаз бен қоныстанушы да осы режимнің ауруханаларына түсті.