"Әл-Ақса дауылы" операциясы барысында қаза тапқан және жараланған сионистердің саны артты
(last modified 2023-10-08T12:10:45+00:00 )
Қаз 08, 2023 18:10 Asia/Almaty

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі "Әл-Ақса дауылы" операциясы барысында қаза тапқандар санын 350 адам деп жариялады.

Әл-Минар арнасының хабарлауынша, Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: "Әл-Ақса дауылы" операциясы барысында осы режим тарапынан қаза тапқан адамдар саны 350 адамға, жараланғандар саны 1590 адамға жетті. 293 адамның жағдайы ауыр, 19 адам өлім аузында жатыр",-деп хабарлады.

Израиль радиосының хабарлауынша, Палестина қарсыласу күштерінің "Асқалан" сионистік қалашығына жасаған зымырандық шабуылында 6 адам жараланды. Олардың бірінің жағдайы ауыр.

Әл-Қассам батальондары Израильдің қалалары мен базаларына шабуыл жасай бастады. Газа секторының айналасындағы қалашықтарда және "Карам Абу Салем" бақылау-тексеру пунктінде қатер дабылы қағылды.

Сионистік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 100-ге жуық израильдік тұтқынға алынды деп болжанып отыр. Олардың арасында офицерлер, сарбаздар, бейбіт тұрғындар бар. 

Тегтер