Хания: Ұлы жеңістің алдында тұрмыз
(last modified 2023-10-08T16:03:12+00:00 )
Қаз 08, 2023 22:03 Asia/Almaty
  • Хания: Ұлы жеңістің алдында тұрмыз

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы: "Ұлы да айқын жеңістің алдында тұрмыз",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Хания сенбі күні кешке: "Бейт ул-Мұқаддас пен әл-Ақса мешітінде болып жатқан оқиғалар жайлы бәрі үнсіз қалса да, біз үнсіз қалмаймыз. Бұл майданда Бейт ул-Мұқаддас, Палестина жері мен халқы азат етіліп, сионистік режим түрмелерінде жатқан тұтқындар босатыла бастайды",-деді.

Хания: "Әл-Ақса мешітіне шынайы қатер төніп тұр. Бізге жеткен мәлімет бойынша, басқыншылар біздің құндылықтарымызға қол сұғуды көздеп отыр",-деді.   

ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы: "Палестина жері мен түрмеден тұтқындарды босату үшін күресті жалғастырамыз. Халқымыз ең жоғары дайындық деңгейінде болуы тиіс. Өйткені шайқас сионистік режимнің қақ ортасында болып жатыр",-деді. 

Тегтер