"Әл-Ақса дауылы" операциясының үшінші күні
(last modified Mon, 09 Oct 2023 11:30:03 GMT )
Қаз 09, 2023 17:30 Asia/Almaty

"Әл-Ақса дауылы" операциясының үшінші күнінде Газа секторы маңындағы 8 сионистік қалашықта Палестина қарсыласу күштері мен сионистік режим армиясы арасында қақтығыс жалғасып жатыр.

Бүгін әл-Қассам батальондары сионистік дұшпанның тікұшақтарын аулайтын жерден әуеге атылатын зымырандар мен иыққа қойып ататын зымырандардың суреттерін таратты.

Сионистік режим армиясы қақтығыс болып жатқан аудандарға жаңа әскери күш жібергенін хабарлап, қалашық тұрғындарынан үйде қалуды немесе бункерге баруды сұрады. Сдерот қалашығының әкімі осы аудандағы қақтығыстардың күшейгенін ескеріп, қалашық тұрғындарынан су мен азық-түлікті үнемдеп тұтынуды сұрады. Сионистік режимнің "Кан" арнасының хабарлауынша, қазіргі таңда Сдерот пен Хангиф қалашықтарында қақтығыстар күшейе түсті.

Сионистік режимнің "Кан" арнасы сондай-ақ палестиналық күрескерлермен қақтығыста режим тарапынан қаза тапқандар санын жариялады. Солардың бірі – сионистік режим армиясының аға қолбасшыларының бірі Эла Гизенберг. Сионистік режимнің 12-ші арнасының хабарлауынша, басқа бір қолбасшы бірнеше сарбазбен бірге қарсыласу күштеріне тұтқынға түскен. Бұған дейін сионистік режим армиясы мен полициясы 42 сарбаз бен 40 полиция қызметкерінің қаза тапқанын мойындады. Сионистік режим полициясының комиссары бірнеше сарбаздың жоғалып кеткенін хабарлады. Сионистік режим тарапынан жалпы қаза тапқандар саны 750 адам деп жарияланды.