Сионист дұшпан біздің ерік-жігерімізді мұқалта алмайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i72886-Сионист_дұшпан_біздің_ерік_жігерімізді_мұқалта_алмайды
Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы: "Егер сионист дұшпан бейбіт тұрғындарды өлтіріп, үйлерді қирату арқылы біздің ерік-жігерімізді мұқалтамыз деп ойласа, қатты қателеседі",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 09, 2023 18:36 Asia/Almaty
  • Сионист дұшпан біздің ерік-жігерімізді мұқалта алмайды

Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы: "Егер сионист дұшпан бейбіт тұрғындарды өлтіріп, үйлерді қирату арқылы біздің ерік-жігерімізді мұқалтамыз деп ойласа, қатты қателеседі",-деді.

Зияд Нахала Палестина қарсыласу күштерінің "Әл-Ақса дауылы" операциясына тоқталып: "Дұшпан жеңілді. Сондықтан өз одақтасы әрі әлемдегі зұлымдықтың басты себепшісі АҚШ-тан көмек сұрады",-деді.

Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Палестинаның ержүрек халқы толық қаруланған дұшпанның мысын басқанын айтып: "Дұшпан бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасау арқылы Палестина халқының ерік-жігерін мұқалтамыз деп ойлайды",-деді.

Зияд Нахала: "Күресті жалғастырамыз. Жанпидалықпен барлық теңгерімдерді өзгертеміз",-деді.