Сионист дұшпан біздің ерік-жігерімізді мұқалта алмайды
Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы: "Егер сионист дұшпан бейбіт тұрғындарды өлтіріп, үйлерді қирату арқылы біздің ерік-жігерімізді мұқалтамыз деп ойласа, қатты қателеседі",-деді.
Зияд Нахала Палестина қарсыласу күштерінің "Әл-Ақса дауылы" операциясына тоқталып: "Дұшпан жеңілді. Сондықтан өз одақтасы әрі әлемдегі зұлымдықтың басты себепшісі АҚШ-тан көмек сұрады",-деді.
Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Палестинаның ержүрек халқы толық қаруланған дұшпанның мысын басқанын айтып: "Дұшпан бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасау арқылы Палестина халқының ерік-жігерін мұқалтамыз деп ойлайды",-деді.
Зияд Нахала: "Күресті жалғастырамыз. Жанпидалықпен барлық теңгерімдерді өзгертеміз",-деді.