ХАМАС: Бізде соғысқа 40 000 әскер бар
https://itolqyn.com/news/west_asia-i72906
ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды мүшесі: "Қарсыласу күштері Израильге қарсы әскери операцияларға 2000 жауынгер  жіберді, ал Газа секторында әлі де 40000 жауынгеріміз бар",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 10, 2023 17:19 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Бізде соғысқа 40 000 әскер бар

ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды мүшесі: "Қарсыласу күштері Израильге қарсы әскери операцияларға 2000 жауынгер  жіберді, ал Газа секторында әлі де 40000 жауынгеріміз бар",- деді.

 

Sputnik ақпарат агенттігінің дүйсенбіге қараған түні хабарлауы бойынша, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) басшыларының бірі АҚШ, Англия, Германия, Франция және Италияның сионистік режимнің қылмыстарына қолдау көрсетуі туралы: "Біз бес елдің қос стандарттары мен оккупацияға қатысты айқын бейтараптығын растайтын мәлімдемесін қабылдамаймыз. Бұл елдердің ұстанымы басып алуды жалғастыру және сионистердің Палестинаның қорғансыз халқына қарсы қылмыстарын күшейтуге итермелеу болып табылады.",- деп баса айтты.

Газадағы Палестина билігінің ақпарат кеңсесінің басшысы Саламе Маруф: "Сионистік дұшпанның уәждеріне керісінше, Израиль жауынгерлері соңғы сағаттарда қарсыласу базаларының орнына үйлер мен тұрғын аудандарды нысанаға алып, палестиналық отбасыларға қарсы ауыр қылмыстар жасады",- деп мәлімдеді.