ХАМАС: Бізде соғысқа 40 000 әскер бар
ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды мүшесі: "Қарсыласу күштері Израильге қарсы әскери операцияларға 2000 жауынгер жіберді, ал Газа секторында әлі де 40000 жауынгеріміз бар",- деді.
Sputnik ақпарат агенттігінің дүйсенбіге қараған түні хабарлауы бойынша, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) басшыларының бірі АҚШ, Англия, Германия, Франция және Италияның сионистік режимнің қылмыстарына қолдау көрсетуі туралы: "Біз бес елдің қос стандарттары мен оккупацияға қатысты айқын бейтараптығын растайтын мәлімдемесін қабылдамаймыз. Бұл елдердің ұстанымы басып алуды жалғастыру және сионистердің Палестинаның қорғансыз халқына қарсы қылмыстарын күшейтуге итермелеу болып табылады.",- деп баса айтты.
Газадағы Палестина билігінің ақпарат кеңсесінің басшысы Саламе Маруф: "Сионистік дұшпанның уәждеріне керісінше, Израиль жауынгерлері соңғы сағаттарда қарсыласу базаларының орнына үйлер мен тұрғын аудандарды нысанаға алып, палестиналық отбасыларға қарсы ауыр қылмыстар жасады",- деп мәлімдеді.